«ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ІРІ ТҰЛҒАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

42

 

Арыс қаласында Абай атындағы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ-де мәдениет және кітапхана қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өтті.

 

«Ұлт руханиятының ірі тұлғасы» тақырыбында өткен жиында 6 қазанға белгіленген АЭС құрылысына қатысты референдум жайы талқыланды.  Оның ішінде АЭС құрылысын салудың маңыздылығы, ел экономикасының дамуына қосатын үлесі жайы сөз болды.

 

Және де ұлттық экономиканың дамуы энергиямен толық қамтамасыз етілуіне байланысты екенін тілге тиек етті.  АЭС-тың экологиялық, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік, геосаяси артықшылықтарын сараптап, негізгі басымдықтары сараланды.

 

Жиында қызметкерлердің ашық пікірлері сараланып, экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру, Президент Жолдауында бұрын қабылданып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі айтылды. Сондай-ақ, қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, Атом электр станциясын салу туралы жалпыұлттық референдум өткізу мәселелері талқыланды.

Advertisements