АРЫС: ҚОЖАТОҒАЙ АУЫЛЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ЖӘНЕ РЕФЕРЕНДУМ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылында ауыл азаматтары мен жастары арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Бұл іс-шара ауыл тұрғындарының ынтымақтастығын нығайтып, салауатты өмір салтының маңыздылығын көрсетуге бағытталды. Жарысқа «Ақсақалдар», «А.Макаренко мектебі» командасы және «Жастар» атты үш команда қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы аясында ұйымдастырылған бұл жарыс ауыл тұрғындары арасында үлкен қолдауға ие болды. Жарыс нәтижесінде ауыл жастары мен ақсақалдары салауатты өмір салтының үлгісін көрсетіп, командалық рухтың маңыздылығын сезінді.
Сонымен қатар, жарыс барысында ауыл тұрғындары маңызды саяси мәселе – елімізде АЭС салу бойынша өтетін референдум жайын да талқылады. Қатысушылар осы тақырыпта пікір алмасып, әркімнің өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік алды. Бұл референдумның ел дамуына тигізетін әсері жайлы ой қозғаған азаматтар өздерінің пікірлерін ортаға салып, алдағы саяси шешімдердің халық үшін маңызды екенін атап өтті.
Осындай іс-шаралар ауылдағы ынтымақтастықты арттырып қана қоймай, азаматтардың денсаулығына да оң әсерін тигізеді, сондай-ақ еліміздегі өзекті мәселелерге назар аударуға мүмкіндік береді.