Шымкентте жастар кәсіпкерлігіне қолдау бар

292

Аружан Алтынбек те «1000 сауда нүктесі» жобасының қатысушысы. Жас кәсіпкер жоба арқылы өзінің сегізінші сауда нүктесін ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Жоба 2020 жылдың мамыр айында жүзеге асырыла бастады. Жобаға сәйкес қала аумағында кәсіпкерлерге байқау негізінде сауда және қызмет көрсетуге арналған киоскілер немесе дүңгіршіктер орнатуға жер телімдері беріледі.

Жер телімдері кәсіпкерлерге қолайлы шарттармен ұсынылатын болады. Атап айтқанда кәсіпкер жылына шаршы метріне 21 141 теңге төлейді. Сауда нүктелерінің көлемі 6-40 шаршы метр аясында. Жер учаскесін пайдалану мерзімі – 10 жыл. Кәсіпкерге қойылатын басты шарт – нысан жеңіл конструкциядан салыну қажет және кәсіп түрі бизнес-жоспарға сәйкес болуы тиіс.

Қазір қалада әр бұрышта тауарын сатып отыратын саудагерлер көп. Олардың бұл кәсібі көбіне заңсыз да болуы мүмкін. Сондықтан, оларға саудасын жүзеге асыруға ресми түрде мүмкіндік беру мақсатында жоғарыда аталған «1000 сауда нүктесі» жобасы қолға алынып отыр. Бұл жобаның бір артықшылығы – жерді жалдау құнының арзандығында.

Кәсіпкерге қойылатын басты шарт – нысан жеңіл конструкциядан салыну қажет және кәсіп түрі бизнес-жоспарға сәйкес болуы тиіс.

Шымкент қаласында тіркелген жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Бизнестің барлық түріне рұқсат етілген, тек аксизді тауар өнімдерінен басқасына.

Бағдарлама бойынша қосымша ақпаратты @shymkent_invest парақшасынан немесе Ерімбетов көшесі 304 г, «Заңғар» бизнес орталығы, Бизнеске арналған үкімет фронт-офисінен алуға болады.

Advertisements