ШЫМКЕНТ: Тұран шағын ауданында ойын алаңшалары салынады

258

 

Шымкент қаласы әкімінің қала аумағында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері «Тұран» шағынауданында балалар ойын алаңшасын орнату мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесуге мердігер мекеме «Назар» ЖШС өкілдері де қатысып, шағынауданда құрылысы бастау алатын балалар ойын алаңшасының эскиздік жобасын таныстырды. Тұрғындармен нақтыланған жоба бекітілді.

Айта кетейік, аталған шағынауданда ойын алаңшаларды салу жұмыстары жоспарға сәйкес, кезең – кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ең алдымен тұрғындардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау үшін абаттандыру жұмыстарының маңыздылығын атап, әрбір салынып жатқан жаңа шағынаудандардың инфрақұрылымы мен келбеті заман талаптарына сай болуы керектігін айтқан болатын.

Құрылыс компанияларының өкілдері құрылыс барысында жиі кездесетін кемшіліктерді, жобалау кезден бастап алдын алу мақсатында, құрамында осы салаға қатысты мекемелер мен мердігер мекеме өкілдері болатын арнайы техникалық кеңес құруды ұсынды. Қала басшысы бұл ұсынысты қолдады. Бұдан бөлек, шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің және магистралдық газ жүйелерінің құрылыс барысын аралап, жұмыстың сапасын бақылады.

Advertisements