Мұрат Әйтенов санитарлық-эпедемиологиялық жағдай туралы баяндады

285

ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен бүгінгі Үкімет отырысында өңірлердегі санитарлық-эпедемиологиялық жағдай талқыланды.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы ахуалды баяндады. Ол дельта штамм пайда болғалы бері Шымкент қаласында эпидахуал күрделене түскенін айтты. Шілде айында коронавирус жұғу 7,5 есеге артқан. Маусым айында 1489 жағдай тіркелсе, шілдеде 11 085 адамның ковид жұқтырғаны анықталған.

Жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 19 528 науқас тіркелді. Емделіп шыққан науқастардың саны –11 848, 405 науқас қайтыс болды. Қазіргі таңда 7275 науқас емделіп жатыр, оның ішінде 4 916 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Стационарда 2 359 науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар – 575.

– Бүгінгі таңда қаладағы жұмыстар B сценарийімен жүріп жатыр. 3 190 төсек-орын жасақталды, онда 2 359 азамат стационарлық емделуде. Төсек-орын толымдылығы 74% құрайды, 831 төсек орын бос. Апта соңына дейін кезекпен қосымша 980 орын ашып, төсек орын санын 4 170-ке жеткізіп, С-сценарийне көшеміз. Жаңсақтау бөлімінде 487 төсек орын бар, онда 381 азамат ем қабылдауда. Толымдылық – 78 пайыз. Жалпы, үш сценарийге де дайынбыз. Соңғы 4 күнде жедел медициналық шақырулар шақырулар саны 2 594-тен 2 453–ке төмендеді, – деді қала әкімі.

Қалада 45 екпе нысаны бар. 1-ші компонентпен 371 543 адам, 2 – ші компонентпен-278 988 адам егілді. Бүгінгі күні тиісті контингенттің (536 000 адам) 1 компоненті 68%, 2 компоненті 51% вакцинацияланды.

Бастапқы медициналық көмек көрсету мақсатында 36 емханада 205 мобильді бригада жасақталған. Олар үй жағдайында ем қабылдап жатқан 4 916 науқаспен коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 11 658 адамға медициналық қызмет көрсетуде.

Қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар. Дәріханаларды қосып есептегенде дене қызуын төмендететін дәрілер 1 млн. 261 мың науқасқа, вирусқа қарсы препараттар 217 675 науқасқа, антибиотиктер 313 800 науқасқа, антикоагулянттар 13 383 науқасқа, гормоналды препараттар 53 192 науқасты емдеп шығуға жетеді.

Мониторингтік топтар 20 885 объектіде рейдтік іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде 2 046 хаттама толтырылды және 130 млн.теңге айыппұл салынды. Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс жасауда.
Қаладағы 4748 бизнес субьектісі «Ashyq» жобасына қосылды, оған келушілердің статусын анықтау барысында 139 қызыл және 229 сары мәртебелі азаматтар анықталған.

Инфекцияны жеңудің жалғыз жолы – вакцинация екенін айтқан Премьер-Министр өңірлердегі вакцинация жұмыстарын жүйелі жүргізуді, карантин талаптарының сақталуын қатаң бақылауды тапсырды.

Advertisements