ШЫМКЕНТ: Ауыл шаруашылық саласында 14 жоба іске қосылды

220

Шымкент қаласында ауыл шаруашылық саласында биыл құны 9 млрд. теңгеге 1500 жұмыс орнымен 25 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде жылы жай салу, 241 гектар қарқынды бау, көкөністі қайта өңдейтін зауыт, құс фермаларының қуаттылығын арттыру, мал бордақылайтын орын мен сүт фермасы және балық шаруашылығын дамыту қолға алынды.

Бүгінге құны 5,2 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылып, нәтижесінде 208 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қалған жобалар жылдың соңына дейін ашылатын болады. Нәтижесінде жалпы өнімнің көлемі 37 млрд. теңгені құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді. Өсімі 108,5% құрайды.

Биылғы жылы 29,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілген. Оның ішінде дәнді дақыл 12,9 мың гектарға, майлы дақыл 3,8 мың га, мал азығы 8,9 мың га, көкөніс пен бақша 3 мың га, картоп 0,7 мың гектарға егілген екен. Нәтижесінде 11,2 мың тонна дәнді дақыл, 0,8 мың тонна майлы дақыл, 33,2 мың тонна көкөніс, 3,1 мың тонна картоп, 12 мың тонна мал азықтық дақылдар яғни барлығы 60,3 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналған.

Advertisements