ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін тиімді бағдарламалар іске асырылуда

282

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағыты арқылы несиелік баспанаға өтінімдер қабылдау ағымдағы жылдың 13 тамыз күні сағат 10:00 ден 23 тамыз сағат 23:00 аралығында жүргізіледі.

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша тікелей сатылым Отбасы банктің жаңа порталы baspana.otbasybank.кz сайтында жүргізілмек. Өтініштер тек тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан қабылданады. Аталған бағыт бойынша алғашқы жарна пәтер құнының 10% құрайды, несие жылдық сыйақысы 5%-бен беріледі. Баспана құнының 1 шаршы метрі 200 000 теңгені құрайды.

Айта кету керек, аталған бағыт бойынша ағымдағы жылы 27 тұрғын үйлердегі пәтерлерді сату үшін «Отбасы банк» өзінің интернет ресурстары арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан 3 кезеңмен өтінімдер қабылдаған болатын.

Баспананы кез келген жаңа тұрғын үй кешенінен сатып алуға болады. “Шаңырақ” жобасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да пәтер сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігі бар құрылыс компанияларынан үлестік қатысу арқылы (пайдалануға берілмеген үйлерден) тұрғын үй сатып ала аласыз.

Advertisements