ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында 40-қа жуық мектеп жаңа оқу жылына дайындалуда

228

Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов аудан аумағындағы мектептердің жаңа оқу маусымына дайындығын тексеру мақсатында арнайы аралады.

Аралау барысында білім ордасындағы бастауыш сыныптардың дайындығы, санитарлық нормалардың сақталуы тексерілді.

Аудан басшысы барлық карантиндік қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, білім беру процесінің сапасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, білім беру ұйымындағы дене шынықтыру алаңы мен мектептің кіре берісіндегі әрлеу жұмыстарына баса назар аударып, тазалық мәселелеріне басымдылық беруді тиісті сала басшыларына жүктеді.

Айта кетейік, бүгінде аудан аумағындағы 40-қа жуық мектеп жаңа оқу маусымына дайындалуда.

Айта кету керек, білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту шеңберінде биыл 32 мектептің құрылысы қолға алынған. Оның ішінде 12 мектептің құрылысы мемлекет есебінен жүргізілсе, 20 мектепті жеке инвесторлар салуда. Биыл 20 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде апатты мектеп мәселесі түпкілікті шешіліп, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9 мектепке төмендейді.

 

Advertisements