ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында шектеу шаралары қатаң сақталуда

312

Карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтау мақсатында Қаратау ауданы бойынша мобильдік топ демалыс күндері (21-22 тамыз) мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Кезекті рейдтік іс-шара барысында бірқатар кәсіпкерлік нысандар карантин талабын бұзғаны анықталды. Оның ішінде, Сайрам тұрғын алабында, Нұрсәт, Нұртас шағынауданында сауда нысандары жұмыс істеп тұрған. Талаптарды сақтамаған барлық нысан басшыларынан түсініктемелер алынып, шара көру мақсатында тиісті мекемелерге жолданды.

Сондай-ақ, мониторинг жұмыстары барысында жеткізу қызметі бойынша жұмыс жүргізіп жатқан нысандарға карантин талаптарын сақтау, антисептик қолдану шараларын қатаң бақылауға алу тапсырылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар аудан аумағында өз жалғасын табатын болады.

Айта кетейік Шымкентте 22 тамыз күні КВИ-дің 147 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 124, белгілері жоқ – 23). 92 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 55 адам үй бақылауына алынды. 2840 адамнан ПТР сынамасы алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 62%-ды құрайды, 1428 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2352 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 559 төсек орын бар, 293 науқас ем қабылдауда.

Advertisements