ШЫМКЕНТ: «Жастар практикасы» бойынша мыңнан астам қала тұрғыны жұмысқа орналасты

237

Шымкент қаласында жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту шараларына тарту бағыты белсенді жүзеге асырылуда. Уақытша жұмысқа орналасқан қала жастарының  бірі – Аида Дидарбек.

Болашақта білікті де білімді ұстаз болуды мақсат еткен Айда Дидарбек 2020 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдады. Қолға диплом алған соң жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту орталығына тіркелді. Нәтижесінде  биыл мамыр айында «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында «Фемида — Оңтүстік колледжі» мекемесіне мамандығы бойынша 6 ай мерзімге жұмысқа жолданды.

Жалпы «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді.  Дегенмен де , жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік береді. Аталған бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019,2020,2021ж) жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады. Жалақысы 25 АЕК (72 925 тг) құрайды. Бұл бағдарламаға тек бір рет қатысуға болады.

Шымкентте жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 1000-нан астам  шымкенттік жас аталған бағдарламамен түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды.

Advertisements