ШЫМКЕНТ: «Өтеміс», «Шапырашты» тұрғын алаптарында инфрақұрылым дамуда

246

Шымкент әкімінің шалғай елдімекендерде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы орындалуда – деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің шалғай елдімекендерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкім Абзал Әліқұлов аудан аумағына қарасты «Өтеміс», «Шапырашты» тұрғын алаптарына барып, елдімекеннің өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылады.

Сондай-ақ, аудан басшысы аталған елдімекендерді дамыту мақсатында  атқарылған жұмыстарды атап өтті. Таяуда ғана «Өтеміс» тұрғын алабында 3 көшеге асфальттау жұмыстары жүргізілді. Арық каналы жөндеуден өткізіліп, тұрғындардың ауыз су мәселесі толығымен шешімін тапты.

Сонымен қатар, «Шапырашты» тұрғын алабында 1986 жылы құрылысы қаланған, жалпы алаңы 1092,7 шаршы метр «Шапырашты» мәдениет үйі толық күрделі жөндеуден өтті.

Абзал Шымкентбайұлы БАҚ өкілдеріне алдағы уақытта аталған елдімекендерде инфрақұрылым жүйелері бойынша атқарылатын жұмыс жоспарларын таныстырды.

Айта кетейік, бүгінде «Өтеміс» тұрғын алабындағы 300, «Шапырашты» тұрғын алабында 228 тұрғын үй бар.

Advertisements