ШЫМКЕНТ: Магистралды су құбырларының құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде

279

Шымкент қаласында магистралды су құбырларының құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде, – деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың солтүстік бөлігіндегі суаққылардың құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

1-ші аймақ айналма жолынан бастап Асар шағын ауданына дейін магистралды су таратқыш салу жұмыстары «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан атқарылуда.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың мамыр айында басталды. Құбырлардың жалпы ұзындығы – 13,754 шақырым. Бүгінгі таңда 1,5 шақырым құбыр жұмыстары аяқталды.

Мердігер мекеме құрылысты биыл қазан айында аяқтап, тапсыруды жоспарлауда.

Сондай-ақ, «Асар-2» шағын ауданынан бастап Алматы тас жолының қиылысына дейін магистралды су құбыры жүргізілуде.

Бас мердігер – «Build stroi» мекемесі. Құрылыс 2021 жылдың мамыр айында басталды. Нысанның жалпы ұзындығы – 11,706 шақырым. Бүгінге дейін 1,5 шақырым құрылыс жұмыстары орындалды.

Құрылыс басында жалпы 4 бригада жұмыс істеп жатыр. Құрылысты 2021 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Advertisements