ЖОЛДАУ: Бірлік жолын бекемдеуді тапсырды!

265

Асанов Латипша Қаймаханович – “Ахыска” түрік этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы:
Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы маңызды саяси құжатта еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың басым бағыттары баяндалып, қарапайым қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын көтерудің жолдары айтылды. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» деп аталатын Жолдауда: экономиканы көтеру, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығын реттеу, адам құқығын қорғау, ұлтты ұйыстыру сынды сындарлы мәселелер мен оларды шешу жолдары тиянақты түсіндірілді.
Алда атқарылар ауқымды істер нақтыланды. Үкімет пен жергілікті билік іске асыратын толағай тірліктер таразыланды. Қазақстан ұстанған ырысты ынтамақ жолының дұрыс екені тағы да айтылып, берекелі бірлік жолы жалғасатыны хабарланды. Адамды тіліне, ұлтына, нәсіліне қарап кемсітуге жол берілмейтіні баяндалды. Қоғамдағы бірлік пен этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екені тағы бір назарға салынды. Бірлік жолын барынша бекемдеуді тапсырды.
Жолдаудың түйіні – халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған Президенттің бастамаларымен қорытындыланды. Әсіресе, төменгі жалақы деңгейін көтеру, бюджеттен қаржыландыратын мекеме қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын арттыру және бірыыңғай тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу сынды Президенттік бастамалар қазақстандықтардың жанды жеріне дөп тиді деген ойдамын.
Advertisements