ШЫМКЕНТ: ASHYQ жобасына қосылған бизнес субьектілерінің саны 8114-ке жетті

248

Үшінші мегаполисте ASHYQ жобасына қосылған бизнес субьектілерінің саны 8114-ке жетті, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласында бүгінде 45 бекетте вакциналау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Егу науқаны басталғалы барлығы 419 934 адам вакциналанды. Оның ішінде 352 329 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Бүгінде медициналық қызметкерлерді вакциналау 100 пайыз, құқық қорғау қызметкерлерін 100, мұғалімдер 180, созылмалы аурулары бар азаматтар 61,1, студенттерді вакциналау 166 пайызға орындалды. Азаматтарға вакцинаның Спутник, QazCOVID-In, Hayat-Vax, CoronaVAC, Vero CELL түрлері егілуде.

Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс істеуде. Қаладағы бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы енгізілген болатын. Бизнес субьектілеріне келушілердің мәртебесін анықтау барысында «қызыл» және «сары» мәртебелі азаматтар анықталды.
Шаһарда ASHYQ жобасына қосылған бизнес субьектілерінің саны 8114-ке жетті. Қазіргі кезде 441 тұрғыннан «сары» статус, 863 тұрғыннан «қызыл» статус анықталып отыр.

Сондай-ақ, 21-27 тамыз аралығында қалада 2546 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 79 карантиндік талаптарды бұзу фактілері тіркелді.

Advertisements