ШЫМКЕНТ: 100 отбасыға құрал-жабдықтар салынған сөмкелер таратылды

247

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» акциясы бастау алды, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев оқушылармен кездесіп, оларға жаңа оқу жылында толағай табыстар тіледі.

Сондай-ақ, аудандағы аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алмайтын көпбалалы отбасыларға, аз да болса көмек ретінде оқушыға қажетті жабдықтар жинағын табыс етті.

«Ауданымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосып, қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын созып жүрген атымтай жомарт азаматтар жетерлік. Қашанда айналасына жанашырлық танытатын жомарт жүректі жандар бұл жолыда аянып қалмады. Ауданымыздың демеушілерінің арқасында 100 отбасына мектепке қажеттіліктерін алып беруге мүмкіндік туды. Елім, жерім дейтін азаматтарға айтар алғысымыз шексіз»,-деді аудан әкімі.

Карантиндік шектеу шараларына байланысты 100 отбасыға құрал-жабдықтар салынған сөмкелер үйлеріне жеткізілді. Аудан әкімшілі бұл шаралар жалғасын табатынын жеткізді.

Advertisements