АУЛА КЛУБТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ДАМЫТУ – АСА МАҢЫЗДЫ

235

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі міндеттемелеріне сәйкес, биылдан бастап Шымкенттің шалғай елді мекендерінде 115 спорт алаңшасын салу бастамасы іске асырылып жатыр. Спорт секцияларына жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді.

Жұмыстарды одан әрі жалғастыру үшін қала әкімі сала басшыларына жастар арасында спорт қозғалыстарын жандандырып, аулалық клубтардың қызметін үйлестіруді, спорт түрлері бойынша жастар лигасы ойындарын жалғастыруды жүктеді.

Президент Жолдауында елімізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар екені айтылды. Вакцина жөнінде түрлі қауесет таратушы азаматтар, өздері адасқанымен қоймай, жұртты адастырып отырғанына назар аударылды.

«Халық денсаулығын сақтауда індетке қарсы вакцина салу жалғасады. Бұл бағытта жүйелі ақпарат жұмыстарын жалғастыруымыз қажет. Қаланың денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындауымыз керек» – деді Шымкент әкімі қала активінің отырысында.

Отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін арттыру мақсатында қаладағы медицина өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін зерделеп, кешенді жоспар әзірлеуді қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына жүктеді.

Advertisements