ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҢ ЖАСТАРЫ ӘКІММЕН ЕРКІН ФОРМАТТА ПІКІР АЛМАСТЫ

245
Түркістан облысы, Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жастармен еркін форматта кездесті. Кездесуге білім, мәдениет саласының жастары, жас кәсіпкерлер, ерікті жастар және оқушылар қатысты. Құмкент ауылындағы Қ.Сәтбаев мектеп- гиманзиясының 6 сынып оқушылары Назира Бегалы мен Айдана Қыстау аудан әкіміне смартфонмен басқарылатын робот техникасын таныстырды. Кездесу барысында аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы «Сіздермен кездесуді жоспарланғаныма біраз болды. Міне, бүгін сәті түсті. Кез-келген сауалдарыңызды қойып, еркін пікір алмасуға шақырамын» деді.
Ы.Алтынсарин мектебінің оқушысы Құралай Ізбасарова алдағы тоқсандық демалыс кезінде оқушыларды тарихи-мәдени орындарға саяхатқа жіберуді ұйымдастыруды сұранды. Сондай-ақ талантты балаларды тереңдетіп оқытатын мектеп ашылса деген ұсынысын жеткізді. Айтылған ұсыныс орынды екеніне тоқталған аудан басшысы оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін үздік оқушыларды облыстағы тарихи орындарға саяхаттау мәселесін шешетінін айтты. Таукент кентінің тұрғыны Әкім Байдосұлы жастарды оқыту және үйірмелер ашу үшін ғимаратпен қамту мәселесін көтерді. Аудан әкімі Шолаққорған ауылында бос тұрған үлкен ғимаратты жастарға ұсынды. Алдағы уақытта аталған ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аудан жастарына қажетті үйірмелер мен тіл курстарын ашылады. Сондай-ақ кездесу барысында жастар жұмыссыздықты жою, жеңілдетілген грант алу, ауыл шаруашылығы мақсатында жер телімін алып, егін егу мәселелері туралы сауалдарын қойды. Жастардың мәселелері ашық талқыланатын кездесулер алдағы уақытта да өтіп тұрады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements