ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЫНЫҢ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

220
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты зерделеніп, бақылауға алынған. Соңғы статистикалық мәліметке сәйкес Түркістан қаласында тауық еті, қырыққабат, сәбіз және құмшекер бағасының өсуі байқалған. Ал қалған 13 тауар (нан, рожки, қарақұмық, қартоп, құнбағыс майы, сары май, пияз, күріш, жұмыртқа, айран, сүзбе, сиыр еті, тұз) бойынша жағдай тұрақты.
Өңірге құмшекер толығымен импортталады. Қазіргі таңда «Айналым схемасы» бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне берілген, 138 тонна қоры бар. Әлеуметтік дүкендер мен сауда орындарындағы әлеуметтік бұрыштарда килограммы 315 теңгеден сатылуда. Қырыққабаттың «Айналым схемасы» бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздар есебінен 246 тонна қоры бар. Әлеуметтік дүкендер мен сауда орындарындағы әлеуметтік бұрыштарда килограммы – 110 теңге. Сәбіздің тұрақтандыру қорында 875 тонна қоры бар, әлеуметтік дүкендер мен сауда орындарындағы әлеуметтік бұрыштарда килограммы 100 теңгеден саудаланып жатыр. Тауық етінің «Айналым схемасы» бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздар есебінен 196,8 тонна қоры бар, әлеуметтік дүкендер мен сауда орындарындағы әлеуметтік бұрыштарда килограммы 870 теңгеден сатылуда.
Монополияға қарсы реттеу шеңберінде монополияға қарсы комплаенстің 13 сыртқы актісі түзілді. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары өндірушілермен түзілгені – 6. Сонымен қатар «Алтын бұлақ» және барлық базар иелерімен жалға беру орындарының ақысын көтермеу бойынша комплаенс түзілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатуды жүзеге асыратын сауда нүктелерімен түзілгені – 7. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын-алу мақсатында ірі сауда орындары мен дүкендер және әмбебап базарлармен облыс көлемінде 1 098 меморандум жасалған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements