АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

179
Арыс қаласындағы №1 референдум учаскесінде 2 634 азамат өз таңдауын жасау тізіміне тіркелген болса, олардың қатарында қала әкімі Гүлжан Құрманбекова да бар.
Өз таңдауын жасау үшін Гүлжан Мамытқызы Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте орналасқан №1 референдум учаскесіне келді.
«Уақыт талабымен үндесетін Жаңа Қазақстанды құру мен Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында бүгінгідей реформаның мән-маңызы өте жоғары. Сондықтан да бұл шараға немқұрайлы қарамауымыз керек», – деді Гүлжан Мамытқызы.
Айта кетейік, Арыс қаласында 1 аумақтық және 34 референдум учаскелерінде 44 785 азамат өз таңдауын жасай алады. Қазіргі таңда барлық референдум учаскелерінің есігі келушілерге ашық.
Возможно, это изображение 2 человека и в помещении
Advertisements