ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Әлеуметтік жұмыс орны ҚР Үкіметінің 2021- 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында ұйымдастырылады. Жұмыс берушілер «Әлеуметтік жұмыс орнын» тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс құрады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысудың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды. Жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен
35 %-ды құрайды.
Бағдарлама талабына сай, Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында табысы аз және көпбалалы отбасы мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеуші адамдар, сондай-ақ “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңның 20-бабы 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында көрсетілген адамдар:
1) балалар ауылының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;
2) зейнеткерлік жас алдындағы (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) адамдар;
3) мүгедектер;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;
5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көпбалалы ата-аналар;
7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар; қандастар;
9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басымдыққа ие.
Бұл жөнінде толығырақ мәліметті Арыс қаласы, Т.Тәжібаев көшесі №9 үйде орналасқан Арыс қаласының халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға болады.