ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

260

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 04 наурыздағы №827 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылдың наурыз–маусымында және қыркүйек– желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығы сәйкес 2022 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке 1995-2004 жылдары туылған шақырушыларды шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін қала әкімінің орынбасары  – аудандық шақыру комиссиясының төрағасы Р.Айтбаев және Арыс қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы подполковник Э.Билалов, ауылдық округ әкімдерінің әскери есеп мамандарымен 2022 жылдың көктемгі шақыру науқаны,  яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланын жасақтау бойынша жиналыс өткізді.

Жиналыста ауылдық округ әкімдерінің шақыру жұмыстарының жүргізу барысы жіберілген қате кемшіліктермен шақыру бойынша заң талаптарының сақталуы және берілген тапсырысты орындау мәселелері талқыланып әскери есеп мамандарына нақты нұсқалар берілді.

 

Advertisements