АРЫСТА ПОЛИЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай, Арыс қаласындағы Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Оған қала әкімнің кеңесшісі Гүлнәр Сапарымбет қатысып, шаһар басшысының құттықтауын жеткізді.
Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған шарада қала әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен үздік полицейлер марапатталып, зейнетке шыққан ардагерлерге де құрмет-қошемет көрсетілді.
Сонымен қатар, қалалық мәслихат хатшысы мен AMANAT партиясының және өзге де мүдделес мекеме басшылары мереке иелерін арнайы құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.
Жиын соңында Мәдениет үйінің қызметкерлері мен Арыс вокалдық аспаптар ансамблінің өкілдері өнер көрсетіп, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.