БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

261

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың өкімімен Әділбеков Әлмаханбет Нұрмағанбетұлы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Бөлім басшысын ұжымға қала әкімі аппаратының басшысы Талғат Анашбеков таныстырып, алдағы атқарар жұмыстарға сәттілік тілеп, Әлмаханбет Нұрмағанбетұлының абыроймен еңбек етуіне сенім білдірді.

Әлмаханбет Нұрмағанбетұлы 1986 жылы Арыс қаласы, Ақдала ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан педогогика университетінде информатика  мамандығын және 2010 жылы Халықаралық гуманитарлық–техникалық университеттің “Құқықтану” мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын Шымкент қаласындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында кеңесші әрі басшының орынбасары болып бастаған. 2013 жылы Арыс қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінде бас маман,  Арыс қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде бас инспектор қызметін атқарған. 2020 жылдан бүгінгі таңға дейін Арыс қаласы әкімі аппаратының әкімшілік бөлімінде басшысы болды.

Advertisements