АРЫС ФУТБОЛ ҚҰРАМАСЫ СЫРТ АЛАҢДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

278
Футболдан Қазақстан Республикасының екінші лига командалары арасында Қазақстан біріншілігінің 14-ші туры аясында “Арыс” футбол клубы “Тұран” (жастар) клубымен кездесіп, 4-0 есебімен басым түсті.
Сырт алаңда кездескен жерлестеріміз жауапсыз 4 гол соғып, кезекті жеңіске қол жеткізді.
Алғашқы таймда-ақ ойын тізгінін қолға алған арыстықтар, өрнекті ойын көрсетті. Құрама ойыншысы Бекжан Әбдірахманов қарсылас команда қақпасына екі гол соқса, екінші таймда Әбілқайыр Зулфикаров пен Жансерік Қалдыбай есепті еселеп, Арыстың мерейін үстем етті.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!
Возможно, это изображение 5 человек, люди стоят и на открытом воздухе
Advertisements