Электрондық мемлекеттік қызметтер, цифрлық ипотека, IT саласын дамыту – Бағдат Мусин Үкімет отырысында не туралы айтты

264

Сейсенбі, 28 маусымда, Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру және АT саласын дамыту мәселелері қаралды. Аталған тақырып бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе және «Террикон алқабы» ІТ-Hub-ын дамыту жөніндегі директоры Александр Дорошенко баяндама жасады.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, бизнес процесстердің реинжинирингіне қатысты реформалар 1300-ден астам мемлекеттік қызметтің жаңа тізімін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

«Қазіргі кезде мемлекеттік қызметтердің 93%-ды онлайн түрде қолжетімді, бірақ кейбір мемлекеттік органдарға бұл жұмысты әлі де жетілдіру қажет. Осы жаңа бастаманың негізінде автоматтандырудың жетілдірілген метрикасын енгізудеміз», — деді Бағдат Мусин.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес проактивті және толық автоматтандырылған қызметтер санын, яғни адами факторсыз құрылатын қызметтер 6%-ды құрайды.

Министрлік жүргізген талдау мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі, яғни адами фактормен құрылатын қызметтердің саны шамамен 85%-ды құрап отырғанын көрсетті.

Баяндама барысында ведомство басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізіп отырған маңызды әлеуметтік қызметтерді проактивті форматқа көшіру жөніндегі ауқымды жұмыс жайлы айтып берді. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі атап өткендей, бұл қызметтер халық арасында жоғары бағаланды.

Бүгін электрондық қызметтер саны бойынша, жалпы оң өзгеріс байқалады. EGov Mobile мобильдік қосымшасында да электронды қызметтерді пайдалану 2 есеге артқан.

Жыл соңына дейін ең танымал 20 мемлекеттік қызметті сыртқы платформаларға шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ SMS арқылы заңсыз тіркелу мәселесі шешілді. Байланыс орталығының күту уақыты 5 минуттан 20 секундқа дейін қысқартылды.

Сонымен қатар ведомство басшысы азаматтарды құжаттандыру бойынша адами факторсыз ұсынылатын, жаңа перспективалық жобаны іске асыру жайлы айтып берді. Б. Мусиннің айтуынша, бүгінгі таңда орта есеппен 20-30 минут кетсе, терминалдарды орнатқан кезде, процесс 5-10 минутқа дейін қысқарады.

«Видео ЦОН» жобасы аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2025 жылға дейін азаматтарға консультация және қызмет көрсетуді осы тәсіл арқылы ұсынуды жоспарлап отыр.

«Біз ХҚКО-да QR арқылы БАЖ-дарды төлеу мүмкіндігін енгіздік. Нәтижесінде, 5 ай ішінде азаматтардың қаражаты 205 млн теңгеге үнемделді. Айта кетейік, барлық БАЖ-дарды QR арқылы төлеуге өткізген жөн. Өз кезегінде бұл азаматтардың қаражатын үнемдеумен қатар, көлеңкелі экономиканы жоюға тағы бір қадам жасауға мүмкіндік береді», — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Ипотека беру үшін цифрлық платформа құру мәселесі бойынша Б. Мусин банктердің қатысуымен ипотеканы рәсімдеу процесі түбегейлі қайта қаралғанын айтты.

«Сонымен қатар Отбасы банк платформасы арқылы жалға берілетін пәтерлер үшін мемлекеттік субсидияға 11 160 тапсырыс беріліп, 6 мыңнан астамы оң шешімін алды. Блокчейн технологияларының есебінен кепілді тіркеу нотариустарсыз және ХҚКО-сыз рәсімдеуге болады», — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлықтың шеңберінде есеп қалыптастыру процесі оңтайландырылады. Нәтижесінде жыл соңына дейін олардың санын 20%-ға азайту жоспарланып отыр.

Заңнамалық бастамалар аясында цифрландырумен байланысты салаларда қолданыстағы заңнаманға 100 түзетуді қамтитын 4 Кодекс пен 16 заңға өзгерістер енгізілді.

Қолданыстағы салықтық жеңілдіктердің арқасында «Astana Hub» резиденттерінің саны 750-ден астам қатысушыға жетті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша стартаптарға 70 млрд теңге инвестиция тартылды. Google мен бірлесіп Silkway accelerator бағдарламасы іске қосылды. Қазақстан осы бағдарлама бойынша Орталық Азия елдері үшін негізгі серіктес болып анықталды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің айтуынша, дүниежүзілік банкпен бірлесіп $20 млн көлемінде венчурлық ерте қаржыландыру қоры құрылды.

Сонымен қатар ведомство басшысы жер қойнауын пайдаланушылардың, IT-компаниялардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бойынша неғұрлым тығыз өзара іс-қимылын құруға мүмкіндік беретін «SIMP» платформасы құрылғанын айтты.

Бұл ретте Б. Мусин жергілікті қамту үлесі 2021 жылдың қорытындысы бойынша 67%-дан асқанын атап өтті. Бұл пандемиядан кейінгі жағымды көрсеткіш. 2020 жылы ол 44% болған.

ІТ-экожүйесін дамытудың маңызды бөлігі – адами капитал.

«Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маманын даярлау міндетін қойды. Өткен жылдың соңы бойынша 22 мыңнан астам IТ-маман дайындалды. Ел өңірлерінде 3 IT-технопарк ашылды. 2021 жылы 7 жекеменшік инновациялық IT-мектебі, биыл жаңа 4 мектеп ашылды. Балама білім беру ретінде өткен жылы 13 IT-мектепке 100 ваучер берілді. Биыл 3 мың ваучер ұсынылады», — деді Бағдат Мусин.

Жоғары оқу орындарында ІТ білімінің сапасын арттыру үшін 14 ІТ факультетін профильдік IT-университеттермен интеграциялау жүргізілді.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, IT-экспорт соңғы екі жылда 2 есе өсімді көрсетті. Өткен жылы IT-нарығының көлемі $3,6 млрд-ты құрады.

Отандық компанияларды сыртқы нарықтарда қолдау үшін 8 шет елде презентациялар көрсетілді.

Сонымен қатар елімізге шетелдік IT-компанияларды көшіру бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Б. Мусиннің айтуынша, қазірдің өзінде айтарлық нәтиже бар, бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығында Экспат орталығының базасында «бір терезе» қағидаты бойынша шетелдік IT-мамандар үшін арнайы қызмет іске қосылды. Бүгінде 1 мыңнан астам IT маманына көмек көрсетілді.

«Қорытындылай келе, цифрлық және клиентке бағдарланған мемлекет құру үшін бізге деректерді қайта сұратуға толық тыйым салу қажет, деректер мемлекет пен шенеуніктерге емес, азаматтарға немесе бизнеске тиесілі деген негізгі қағидаға сүйене отырып, кез келген анықтамаларды жоюға тырысуымыз керек», — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Fintech пен онлайн банкингтің дамуы туралы Kaspi банкінің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе айтып берді.

Оның айтуынша, 2021 жылы 7 млн-нан астам қазақстандық – Kaspi.kz қосымшасындағы Мемлекеттік қызметтер бөлімінің пайдаланушылары. Әрбір үшінші автомобиль онлайн тіркеуден өтеді, 2021 жылы 286 мың көлік тіркелген.

«Kaspi.kz 446 млрд салық төледі. 2 млн қазақстандық цифрлық құжаттарды пайдаланады. 500 мың әлеуметтік шот ашылып, 66 мың жеке кәсіпкер тіркелді», — деді М. Ломтадзе.

Kaspi басқарма төрағасы атап өткендей, кәсіпкерлермен жұмыс аясында олар үшін арнайы карталармен де, QR арқылы да төлем қабылдайтын заманауи төлем терминалдары әзірленді.

«Біз елдегі кәсіпкерлерге 276 мыңнан астам төлем терминалын тегін ұсындық. Бұл сауданың қолма-қол ақшадан қолма-қол ақшасыз саудаға көшуіне арналған бірегей платформа жасады. Нәтижесінде Қазақстанда қолма-қол ақшасыз сауда айналымы қарқынды өсіп келеді және 2021 жылы 8,4 трлн-нан астам соманы құрады, өсім 85%, бұл әлемдегі ең жоғары өсу қарқынының бірі болып табылады», — деді Михаил Ломтадзе.

IT саласын дамыту туралы «Террикон алқабы» ІТ Hub дамыту жөніндегі директоры Александ Дорошенко баяндама жасады.

А. Дорошенконың айтуынша, соңғы уақытта Нұр-Сұлтанда және Алматыда IT саласының белсенді дамуы байқалады. Бұған елордаға өңірлік кадрлардың көптеп келуі есебінен жасалған барынша қолайлы жағдайлар ықпал етеді. Бәсекеге қабілетті ортасы бар дамыған өңірлер де ел үшін әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізеді және туған қаласында бола отырып, табысты мансап немесе табысты бизнес құруға болады.

«Қарағандыда біз Террикон алқабы жобасын қолға алдық, оның міндеті – Қарағанды облысында IT компаниялар қызметкерлерінің санын қазіргі үш мыңнан он мың адамға дейін бес жыл ішінде ұлғайту. Жоба – облыс әкімдігі мен Астана хабтың қолдауына ие болған жеке бастама. Біздің кәсіпкерлер тобы IT хаб құруға инвестиция салды», — деді А. Дорошенко.

Сондай-ақ IT хабты дамыту жөніндегі директор алдағы кезеңге арналған негізгі жоспарлар туралы айтып берді. Осы жылы «Terricon school» бағдарламалау мектебі «Tech Orda» бағдарламасына қатысатын болады, оның шеңберінде Астана Хаб бағдарламалау мектептеріне білікті IT-мамандарды оқыту үшін ваучерлер береді.

«Қарағандыда IT индустрияның дамуын мониторингілеу үшін біз қызмет түрі бойынша топтастырылған, өңірдегі саланың даму көрінісін көрсететін IT&DIGITAL жобалар картасын жасадық. Карта қай бағытта үлкен даму бар екенін көрсетеді. Қандай жаңа ойыншылар пайда болғанын немесе, керісінше, нарықтан шыққанын көру үшін егжей-тегжейлі картаны үнемі жаңартып отыру жоспарлануда. Осындай карталарды барлық өңірлерде пайдалану Қазақстанның облыстары бөлінісінде саланың дамығандығын айқындай алады», — деді А. Дорошенко.

А. Дорошенконың айтуынша, Smart City, Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, fintech, e-commerce салаларындағы жалпы қабылданған жобалардан басқа – промтех сияқты үлкен қабат туралы да ұмытпау керек.

«Бұл бағыт Қарағанды облысы үшін күшті нүкте болып табылады. Сондықтан біз TechGarden, Astana Hub және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Өнеркәсіптік технологиялар саласында акселератор өткізу туралы шешім қабылдадық. Қарағанды облысының корпорациялары, Қазақстан және шетелдік ұйымдар серіктес болады», — деді А. Дорошенко.

А. Дорошенконың айтуынша, акселерациядан өңірдегі компаниялар, сондай-ақ Қарағанды облысында өз филиалын ашуға дайын ұйымдар өтеді. Акселерацияның міндеті – клиенттер үшін құнды ұсыныстарды жақсарту, нарықты сегментациялау, келісімшарттар жасау процестерін оңтайландыру, корпорациялармен ұшқыштарды іске қосу.

Сөз соңында Александр Дорошенко Премьер-Министр мен министрлер кабинетін хабқа келуге шақырып, IT Hub-тың пилоттық салалық акселераторлар алаңына айналуға дайын екенін мәлім етті.

Advertisements