Биыл әлеуметтік жобаларды іске асыруға 18 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған

207

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тұрғындарымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында А. Омаров ведомствоның іске асырған жобалары, атқарған жұмыстары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді. Жергілікті халық елдік деңгейдегі сұрақтарды қойып, тиісті жауаптар алды. Мәселен, дін, идеология, БАҚ-тағы контент, волонтерлік қызмет, жастарға қатысты мәселелер көтерілді. 

Асқар Омаров ең алдымен, Республикалық референдумның жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Референдум қорытындысы қоғамдық консолидацияның жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. Президенттік реформалар курсы қоғам тарапынан кеңінен қолдау тауып келеді.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында елдегі қоғамдық-саяси реформалардың жаңа бағытын жариялады. Оның ішінде азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға, БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және т.б. басымдықтар берілген. Біз азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді А. Омаров.

Ведомство басшысы өңірлік БАҚ-ты барынша тарта отырып, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты уақытылы іске асыру қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар азаматтық қоғамды дамыту саласы бойынша, атап айтқанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы ҮЕҰ-ны қаржыландыру; волонтёрлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҮЕҰ-ға арналған гранттар мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру, волонтерлік туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бүгінгі таңда республика бойынша 17 мыңға жуық ҮЕҰ жұмыс істейді, оның ішінде 612-сі – Ақтөбе облысында. Мемлекет ҮЕҰ-мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы ауылдармен де жан-жақты байланысты өзара нығайта түседі. Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыруға 18 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл бағыттағы тұрақты даму Ақтөбе облысында да байқалып отыр.

«Мәселен, өткен жылы облыстың мемлекеттік тапсырыс сомасы 759 млн теңгені (99 жоба) құраса, биыл бұл сома үштен бірге өсіп, 1 млрд теңгеден астам соманы (1 012 млн теңге, 71 жоба) құрады», — деді ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Анықтама ретінде: Ырғыз ауданында 2022 жылы 7,4 млн теңге сомасына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 жоба жоспарланған. Жобалар жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске, мүгедектерді тегін тасымалдауға бағытталған.

А. Омаров облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын іске асыру проблемаларының бірі ретінде ҮЕҰ-мен және азаматтармен жобаларды бағалау тақырыптары мен нәтижелерін жария талқылау бөлігінде әкімдіктің жұмысы жеткіліксіз екенін бөліп көрсетті, бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын сапасыз жоспарлауға, бір жолғы іс-шараларды қайталауға және өткізуге әкеп соғады.

Оның пікірінше, бюджеттің өсуін ескере отырып, әкімдік осы рәсімдердің сақталуына және қаражатты халық үшін шын мәнінде маңызды жобаларға бағыттауға назар аударуы қажет.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҮЕҰ-ға арналған гранттар мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді, онда ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру тетіктері жетілдіріледі. Гранттар берудің сараланған тәсілін енгізу ұсынылды. Қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді градуирленген гранттарды енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл ауылдық ҮЕҰ арасында қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ азаматтардың үлесін арттыруды ескере отырып, қоғамдық кеңестер құрамын өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, осы жылы жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша азаматтық сектор өкілдерінің үлесі 23,5%-ға (62,5%-дан 86%-ға дейін) өсті. Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш 170 адам немесе азаматтық қоғам үлесінің 84,2% құрайды, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 76,8% болған. Ырғыз ауданында – 80%, бұл жақсы көрсеткіш. Бұл ретте аудан әкімдігінің назарын Қоғамдық кеңес құрамында ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерінің жоқтығына аударған жөн.

Айта кетейік, облыста барлығы 14 қоғамдық кеңес бар, оның ішінде: 1-облыстық, 1-қалалық, 12 – аудандық. 2021 жылы Кеңес құрамында 259 адам болды, оның ішінде мемлекеттік органдар мен бюджет саласының өкілдері – 60, азаматтық қоғам – 199 адам. 2022 жылы 202 адамнан: 32 адам – мемлекеттік органдардың , 170 адам – азаматтық қоғам өкілдері.

«Ырғыз ауданында 10 адамнан: 2 – мемлекеттік органдардың, 8 – азаматтық қоғам өкілі. Сондай-ақ Қобда (43%), Темір (67%), Хромтау (50%), Қарғалы (43%) аудандарының қоғамдық кеңестерінің құрамында мемлекеттік органдардың өкілдігі азайтылып қана қоймай, олардың қатысу лимитінен асып кетуіне жол берілген. Осыған байланысты, облыс әкімдігі қоғамдық кеңестер құрамын сапалы қалыптастыруға ерекше назар аударуы қажет», — деді А. Омаров.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жұмысының бір бағыты – еріктілер қозғалысын дамыту. Еріктілік – көмек пен қамқорлық халқымыздың менталитетіне, әсіресе ауыл халқына әрдайым өте жақын болды. Ақтөбе облысында құрамына 4,7 мың волонтер кіретін 139 еріктілер тобы жұмыс істейді, олар 1,1 мыңға жуық игі іс (акциялар, іс-шаралар) ұйымдастырды, әлеуметтік дүкен ашты, 60-тан астам аз қамтылған отбасына көмек көрсетті.

Асқар Омаров халыққа көмек көрсететін, оның ішінде пандемия, қаңтар оқиғалары және т.б. қиын кезеңдерде «Жігер», «Ырғыз жастары», «Мейірім» облыстық волонтерлік ұйымдарының белсенділігін атап өтті. Сонымен қатар 2021 жылдың қорытындысы бойынша 2 еріктілер ұйымы («Актобе, Дыши!», «ZhubanovZhyluy. EcoArsu») «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығының «қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша үздік атанды.

Волонтерлік қызметті қолдау үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ұлттық волонтерлік желі» Заңды тұлғалар бірлсетігімен бірлесіп, әрбір өңірде «BIRGEMIZ» волонтерлердің фронт-офистерін құрды, тиісті гранттық қаржыландыру (волонтерлік бойынша гранттарға облыстық бюджеттен қарастырылған қаржы – 7 млн теңге) көзделген. Бүгінгі күні Ақтөбе облысында 105 БАҚ (мерзімді баспа басылымдары – 81, телеарна мен радио – 8, ақпараттық агенттік пен желілік басылымдар – 16) жұмыс істейді, олардың жұмыс бағыттарының бірі – өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру. Ол мемлекеттік сатып алу нормаларын қолданбай, жаңа тетік бойынша жүзеге асырылады, бұл контенттің сапасына оң әсер етуі тиіс.

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың айтуынша, өңір әкімдігі іске асыруға жергілікті БАҚ-тың барынша көп санын белсенді түрде тартып, аудандық БАҚ-тарды қаржыландыруды ұлғайту мүмкіндігін пысықтап, конкурстардың уақытылы өткізілуін қамтамасыз етуге тиіс. Осы бағыттар бойынша өңірлік комиссияның жұмысын күшейту қажет. 2022 жылдың сәуір айында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жергілікті «Ырғыз» газетіне 7,6 млн теңге және жергілікті «Ақтөбе» телеарнасына 2 млн теңге бөлінді.

Сонымен қатар кездесу барысында Асқар Омаров жастарды қолдау бойынша мемлекет жүргізіп жатқан шараларға тоқталды. Елде 3,7 млн (халықтың 20,4%) жас бар, оның 40%-дан астамы – ауыл жастары. Ырғыз ауданында жастар саны – шамамен 3,9 мыңды құрайды, бұл аудан халқының төрттен бір бөлігі (халықтың 24,6%).

Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 2020-2022 жылдар аралығында 3%-дан 2,4%-ға дейін төмендеді, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен (республика бойынша – 3,9%). Бұл оң үрдіс. Жұмыс істемейтін және оқымайтын (NEET) санатындағы жастар саны да 8,7%-дан 7,1%-ға дейін кеміді. Алайда, көрсеткіш республикалық орташа деңгейден 0,4%-ға (6,7%) жоғары болып қалуда, осыған байланысты жастардың осы санатымен жүргізілетін жұмысты күшейту қажет.

2022 жылғы 20 мамырда Парламент Сенатында білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, жастардың рухани-адамгершілік дамуы және т. б. салалардағы өзекті мәселелер талқыланған онлайн-форматта трансляциямен жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша тыңдау өтті. Тыңдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға жастармен одан әрі жұмыс істеу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Осы парламенттік тыңдаулардың толық видеосы YouTube-те бар, кез келген азамат онымен сол жерде таныса алады.

Бұдан басқа Үкімет жастарды қолдаудың жаңа тетіктерін енгізуде. Мысалы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылы жастар практикасынан өту кезеңі 6 айдан 12 айға дейін және «бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша 12 айдан 18 айға дейін ұлғайтылды. Бұл жас жігіттер үшін алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға және қосымша ақша табуға жақсы мүмкіндік. Өткен жылдың шілде айынан бастап еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларға онлайн режимде қысқа мерзімді оқытудың бірыңғай порталы (https://skills.enbek.kz) іске қосылды. Бұл оқуға және өз біліктілігін арттыруға ниет білдіргендердің барлығына қолжетімді.

Өз кезегінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан жастарды қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған заң жобасын әзірледі.

Анықтама ретінде: «NEET санатындағы жастар», «жастардың әлеуметтік қызметтері», «жастармен жұмыс жөніндегі маман», «жастардың даму индексі» ұғымдары заңнамалық түрде бекітіледі, жастардың еңбек жасақтарының қызметі регламенттеледі.

Жастардың бастамасын қолдау үшін Президент 3 млн теңге көлемінде (5 бағыт бойынша – «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа») «Тәуелсіздік ұрпақтары» 30 грантын тағайындау конкурсына бастамашы болды.

«Бұл жоба – жас балалар үшін өз идеясын дамытып, ол туралы Президент алдында жеке айтып беруге үлкен мүмкіндік. Жеңімпаздар арасында ауыл балалары да бар, сондықтан жергілікті жастарды ұялмауға, конкурстарға белсенді қатысуға, ал әкімдікті оларға жан-жақты көмек көрсетуге шақырамын. Сондай-ақ облыс және аудан әкімдіктерінің назарын жергілікті жастар ресурстық орталықтарының жұмыс істеу проблемаларына аударғым келеді. Бұл жарақтандырудың әлсіздігі: жеке ғимараттың, қызметтік көліктің болмауы, орталық қызметкерлерінің төмен жалақысы сынды мәселелер. Осыған байланысты, әкімдіктен осы мәселелерге назар аударуды және оларды шешуге ықпал етуді сұраймын», — деді А. Омаров.

Сондай-ақ ҚР ақпарат және даму министрі Ырғыз аудандық мешіті, «Ырғыз» газеті және т. б. нысандардың жұмысымен танысты.

Асқар Омаров Ақтөбе қаласындағы жастар ресурстық орталығында бүгінгі буын өкілдерімен тілдесіп, мемлекет тарапынан бөлініп жатқан гранттар мен жастарға қатысты жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар туралы айтты.

Өз кезегінде қала жастары жастар практикасы, жалақы аздығы, волонтерлік қызметпен айналысу, мемлекет тарапынан берілетін демеуақыны алу жолдарын сұрады.

Сондай-ақ ведомство басшысы Алға ауданына барып, жергілікті жастармен жүздесті. Мұнда Coworking орталықта ізденем деген жанға қолайлы жағдай жасалған, білім алып, ізденуге болады.

Сапар соңында ҚР ақпарат және даму министрі Бестамақ ауылындағы медресе колледжін аралап, Ақтөбе қаласындағы Азаматтық альянс өкілдерімен кездесіп, ҮЕҰ өкілдерінің мәселелерін тыңдады. Асқар Омаров айтылған проблемалар назарға алынып, пысықталатынын жеткізді.

Advertisements