Арыс: Жаңа бөлім басшысы тағайындалды

252
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың өкімімен Асилов Азамат Аралбекұлы «Арыс қаласы әкімі аппараты әкімшілік бөлімі» басшысы болып тағайындалды. Қала әкімі аппаратының басшысы Талғат Анашбеков бөлім қызметкерлеріне Азамат Аралбекұлын таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Азамат Аралбекұлы 1991 жылы Арыс қаласында дүниеге келген. . Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «технологиялық машиналар және жабдықтар», Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Арыс қаласы әкімі аппаратында оператор, Арыс қалалық «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-де, 2018-2022 жылдары Арыс қалалық «Жер қатынастары бөлімі» ММ-де бас маманы қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бастап Арыс қалалық «Жер қатынастары» бөлімінде сектор меңгерушісі лауазымын атқарды.
Возможно, это изображение 2 человека, люди сидят, люди стоят и в помещении
Advertisements