Арыста мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бағытында арнайы басқосу өтті.

224
Бүгін Арыс қаласы әкімдігінде әкімдік аппаратының басшысы Талғат Анашбековтың жетекшілігімен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бағытында арнайы басқосу өтті.
Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалы Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Әлия Ахметова мен аталған мекеменің магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша кеңесшісі Зейнеп Абдуллаева арнайы дәріс оқыды.
Шараға Арыс қаласы әкімінің аппараты мен дербес бөлімдердің барлық мемлекеттік қызметшілері және аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатысып, оларға мемлекеттік қызмет арқылы біліктілікті арттырып, шеберлікті шыңдаудың қыр-сыры жан-жақты түсіндірілді.
Сондай-ақ, академияға оқуға түсудің талап, тәртібі мен шарттарына қатысты сұрақтарға тиісті деңгейде жауаптар берілді.
Advertisements