АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

197
Бүгін Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Әкімдікте өткен басқосуға дербес бөлім басшылары мен сала мамандары 9 азаматтың мәселесін қарастырды.
С.Адамбеков мектебінің мұғалімі Нахан Базарбаев қала ішіндегі жолдарға заңсыз қойылған жол кедергілерін алдыру мен өзі жұмыс істейтін мектеп алдындағы жолмен ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салу белгісін қоюды сұрай келіпті. Сондай-ақ, ол мектеп маңындағы жолға резеңкелі жол кедергісін орнату қажеттігін айтты. Ал қала әкімі бұл мәселеге қатысты тиісті мамандарға нақты тапсырма жүктеді.
Айта кетейік, бұл жолы қабылдауға келген қала тұрғындарының басым бөлігі баспана мен тұрақты жұмысқа орналасу мәселесін көтерді. Оған Гүлжан Мамытқызы тиісті деңгейде құжаттар әзірлеп, тапсыру арқылы мемлекет ұсынып отырған 50 пайыздық төлемақы рәсімдеуге кеңес берді.
«Жалдамалы пәтерде тұрып жатқан көпбалалы немесе асыраушысынан айырылған отбасылар үшін бұл үлкен көмек. Ал оның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бұл процеске тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары азаматтарға кеңес, көмек беруі тиіс», – деді қала әкімі.
Advertisements