КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

260
Әкімдіктің кіші мәжіліс залында қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың төрағалығымен өткен жиынға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия мүшелері, Арыс қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ә.Момбеков және бөлім мамандары, Арыс аудандық полиция қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде А.Байтұрсынов көшесі №128 үйдің тұрғыны азаматша Г.Алимқұлованың кәмелет жасына толмаған балаларының мінез-құлықтарына және денсаулықтарына қатысты мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ә.Момбеков баяндама жасады.
Жиын барысында қала тұрғыны Г.Алимқуловаға «Неке және отбасы» туралы ҚР Заңының 70 бабына сәйкес ата-ананың бала тәрбиесіндегі міндеті мен жауапкершілігі, балалардың денсаулығына қамқорлық жасау, олардың психикалық, адамгершілік, рухани дамуына жағдай жасау қажеттігі түсіндірілді.
Комиссия мүшелері тарапынан көтерілген мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, балаларының тәрбиесіне баса назар аудару қажеттілігі айтылды.
Advertisements