БҰЛ ЖАҢА, ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

315
Бүгін мемлекет басшысы қазақ халқына өз жолдауын айтты. Ең бірінші мемлекет басшысының осылай жолдау жасауы бұл жаңа Қазақстан жолындағы ең игі жол. Еліміз үшін оң өзгерістер болатынын Президентімізден есту бұл бір бөлек сезім. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Жаңа Қазақстанның негізі саяси және экономикалық реформалардың үйлесіміне негізделуі керек екені баса айтылды. Ел Президенті «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» жолдауында тәуелсіздікті сақтау керек екендігін атап өтті. Мемлекет басшысы: «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» – деді. Президент өз жолдауында халқына салмақты ой тастап, дәлелді тұжырым жасай отырып, нақты бағыттар ұсынды. Президент халық наразылық білдіріп жатқан мәселелерге және ұсыныстарына біраз көңіл бөлінді. Мысалы, әйелдердің зейнеткерлік жасы, мектептердің үш аусымдылығы мен апаттық жағдайы, медицинаның қолжетімділігі, соттардың дербестігі, балалардың әлеуметтік қорғалуы, балабақшаларды аттестациялауы, салық пен бюджеттік төлемдер, кадр мәселесі, мемлекеттік сатып алу заңының тиімсіз тұстарын жою туралы т.б. Сайлау болады деп өзіңен бастады, үлгі етіп. Жақсылыққа жорып, еліміздің көркеюіне ат салысатын шенуеніктер, қоғамдық ұйымдар көп болсын деп тілеймін! Ол әр жанұяның, ұрпағымыздың келешегі деп түсіністікпен қарап, өзіміздің қолымыздан келгенді аямайық!
Карина Төрехан,
Арыстық белсенді жас
Возможно, это изображение 1 человек, стоит и на открытом воздухе
Advertisements