АРЫС ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

406
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың өкімімен Жұманов Асан Омарғалиұлы Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы Талғат Анашбеков бөлім қызметкерлеріне Асан Омарғалиұлын таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Асан Омарғалиұлы 1992 жылы Арыс қаласы, Ақдала ауылдық округінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, “Мирас”, “Аймақтық әлеуметтік-инновациялық” университеттерін «қаржы», «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Арыс қалалық кәсіпкерлік бөлімінде инспектор лауазымынан бастаған.
Әр жылдары Арыс қаласы, Ақдала ауылдық округінде бас маман, Түркістан облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы, Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармаларында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бастап Түркістан облысы әкімі аппаратында өтініштердің қаралуын бақылау бөліміне бас инспектор лауазымын атқарып келген.
Advertisements