АРЫСТА ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

221
Арыс қаласында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті. Бұл мереке «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп халқымыздың тағдыры үшін, тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс тойланады.
Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне байланысты өткізілген « Тіл- тәуелсіздік тұғыры» атты қалалық тілдер фестивалі Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойымен қатар келді.
Мәдениет үйі мен Арыс қалалық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен ауқымды шарада қалалық кітапхана ұжымы тілге қатысты материалдарды жинақтап арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеде тілді дамытуға қатысты жарық көрген көптеген әдістемелік материалдар мен ана тіліміздің мәртебесін артыруға бағытталған заңдар қойылды. Шараға келгендер сол дүниелерді көріп, танысты.
Негізгі жиында қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев жиналғандарды мерекемен құттықтады.
Салтанатты шарада қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары Ұлт Ұстазының өмірі суреттеген « Ұлты үшін туған ұлы тұлға» атты тақырыпта театрландырылған қойылымды көрермен назарына ұсынды.
Сондай-ақ, қаламызда тіл мәртебесін арттыруда талмай еңбек етіп жүрген бір топ азаматтар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Ал тіл мерекесіне орайластырылған шара соңы қала өнерпаздарының концертік бағдарламасымен қорытындыланды.
Advertisements