АРЫСТА ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛҒАНДАРДЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

270
Арыс қаласының мәдениет үйінде күзгі әскерге шақыру науқаны аясында әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Әскери борышын өтеуге аттанған жас жігіттер алдағы уақытта облыстық жинақ пунктінде қорытынды медициналық сараптамадан өтіп, шақыру комиссиясының шешімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне қарасты әскери бөлімдерде Отан алдындағы борышын өтейтін болады.
Салтанатты шараға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, Арыс гарнизонның басшылығы, қалалық біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Ерлан Біләлов, қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиленушілері мен мектеп оқушылары және әскери қызметшілер қатысты.
Жиналған көпшілік қауым болашақ сарбаздарға Отан алдындағы борышын адал атқарып, ата-анасының ғана емес туып-өскен өлкесінің де мақтанышы болуын тіледі.
Сондай-ақ, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған азаматтарды салтанатты шығарып салу рәсімі концерттік бағдарламаға ұласты.
Advertisements