МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
Құрметті қала тұрғындары!
Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарасты Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынысымен 2022 жылдың 14 қыркүйек күні сағат 16:00-де Арыс қаласы әкімдігінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн форматта мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Онлайн жәрмеңкеде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, санитарлық-эпидемиологиялық, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру мәселелері бойынша тікелей эфирде арнайы баяндамалар жасалады. Осыған орай, жоғарыда аталған салалар бойынша тікелей эфирге қатысып, сұрақтарға нақты жауап алуға болады.
Айта кетейік, бұл жәрмеңке мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде тұрғындардың құқығы мен бостандығын және заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда.
