АРЫСТА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ

329
Құрметті Арыс қаласы және ауылдық округ тұрғындары!
Сіздерді 2022 жылдың 17 қыркүйегі күні сағат 9:00-де Дүниежүзілік тазалық күніне орай ( World clean up day) қала және елдімекендерде өтетін жалпықалалық сенбілікке белсене қатысуға шақырамыз.
Тазалық – саулық кепілі! Арыс қаласының тазалығын сақтап, көркеюіне ат салысу – баршамыздың перзенттік парызымыз!
Барлық қала тұрғындары мен жанашырлары, кәсіпкерлер мен мекеме басшылары!
Сіздерді, қаламызды таза әрі әсем қалаға айналдыру үшін үйлеріңіздің қасбеттерін сырлап, қоршауларыңызды реттеп, қақпаларыңызды бояп жаңғыртуға, ағаш көшеттерін ақтап, гүл көшеттерін егуге және арық-атыздарды күл-қоқыстан тазартып Арыс қаласын абаттандыруға үлес қосуға шақырамыз.
Қадірменді Арыс қаласы және ауылдық округ тұрғындары!
Тоғыз жолдың торабында орналасқан қасиетті Арыс өңірін бірге гүлдендірейік!
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
Advertisements