СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

209
Бүгін Арыс қаласы мен қалаға қарасты барлық ауылда «Дүниежүзілік тазалық күні» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті.
Тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, кәсіпорын, мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары және еріктілер қатысты.
Сенбілікте әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, барлық қоқыстар арнайы орынға шығарылды. Сондай-ақ, күз-көктемде отырғызылған тал-дарақтар суарылып, күтім жасалды.
Аталған шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Бірлесе ұйымдастырылған сенбілік қала тынысының кеңеюіне үлесін қосатыны сөзсіз
Сүйікті қаламыздың тазаруына атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз!
Advertisements