ДАНАЛЫҚТЫҢ ДӘНІН СЕП…

205
Бүгін Арыс қаласындағы білім ордаларында қала әкімінің кеңесшісі Гүлнәр Сапарымбет жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, еркін тақырыпта пікір алмасып, ой бөлісті.
Ашық сабақ негізінде ұйымдастырылған кездесуге мектеп директорлары мен ұстаздар қауымы да қатысты.
Ал жиында жасөспірімдерге ата-анаға құрмет көрсету жайлы айтылды. Сонымен қатар, балаларды бауырмалдыққа баулып, жанашырлық ниет пен достық пейілді қалыптастыратын қадір-қасиеттер әрқилы мысалдар арқылы түсіндірілді.
Жиын соңына қарай оқушылар мен ұстаздар тарапынан зор ризашылықпен пікірлер айтылып, сұрақ-жауап үлгісінде диалог өрбіді.
Айта кетейік, ашық сабақ негізінде ұйымдастырылып жатқан кездесу шаралары қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың арнайы тапсырмасы негізінде қала мектептерінде өткізілуде. Оған әрбір мектептің 9, 10, 11 сынып оқушылары мен олардың жетекшілері, оқу-тәрбие ісінің меңгерушілері, тәлімгерлер және алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары қатыстырылуда.
Бүгінге дейін мұндай кездесулер С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ә.Жанкелдин, И.Журба, Арыс ЖОББМ мен В.Комаров атындағы мектептерде ұйымдастырылды.
Advertisements