ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА!

179
Арыс әскери горнизоны аумағында тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Ол үшін әскери бөлімнің техникалық аумағында арнайы орын дайындалған. Бұл орын барлық қауіпсіздік шараларын сақтау ережелеріне сәйкес ұйымдастырылған.
Жарылғыш заттарды өртеу кезінде тек қана дыбыстық әсер мен қара түтін болады. Арыс қаласы тұрғындарына төніп тұрған қауіп жоқ.
Құрметті қала тұрғындары!
Залалсыздандыру жұмыстары қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарының мұқият бақылауында.
Сондықтан да тұрғындарды үрейге бой алдырмауға шақырамыз.
Ал жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын назарларыңызға жеткіземіз.
Advertisements