АРЫС ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

288
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекованың Арыс қаласы және ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі:
Ақдала ауылдық округі, Ақдала елді мекенінде 2022 жылғы 4 қазанда сағат 10:00-де С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде, азаматтарды жеке қабылдау сағат 12:00-де Ақдала ауыл әкімшілігі ғимаратында;
Дермене ауылдық округі, Қызылкөпір елді мекенінде 2022 жылғы 4 қазанда сағат 15:00-де №3 жалпы орта мектебінде, азаматтарды жеке қабылдау сағат 17:00-де №3 жалпы орта мектеп ғимаратында;
Монтайтас ауылдық округі, Шағыр елді мекенінде 2022 жылғы 5 қазанда сағат 10:00-де А.Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебінде, азаматтарды жеке қабылдау сағат 12:00-де А.Тілеубердин атындағы жалпы орта мектеп ғимаратында;
Қожатоғай ауылдық округі, Байтоғай елді мекенінде 2022 жылғы 5 қазанда сағат 16:00-де М.Маметова атындағы жалпы орта мектебінде, азаматтарды жеке қабылдау сағат 17:30-да М.Маметова атындағы жалпы орта мектеп ғимаратында;
Байырқұм ауылдық округі, Байырқұм елді мекенінде 2022 жылғы 6 қазанда сағат 10:00-де ауылдық клубта, азаматтарды жеке қабылдау сағат 12:00-де Байырқұм ауыл әкімшілігі ғимаратында;
Жиделі ауылдық округі, Жиделі елді мекенінде 2022 жылғы 6 қазанда сағат 15:00-де «Жиделі» жалпы орта мектебінде, азаматтарды жеке қабылдау сағат 17:00-де Жиделі ауыл әкімшілігі ғимаратында;
Арыс қаласының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 7 қазанда сағат 10:00-де қалалық мәдениет үйінде, азаматтарды жеке қабылдау сағат 15:00-де қала әкімдігінің ғимаратында өтетінін хабарлаймыз!
Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72540) 5-92-14 байланыс телефоны және a.auezova@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы өтініш-пікір берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жай, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) көрсету арқылы жазылуға болады.
Advertisements