«АРЫС» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

219
Бүгін Футболдан Қазақстан Республикасының екінші лига командалары арасында Қазақстан біріншілігінің 20-шы тур ойындары өтті.
Қалалық Орталық стадионда өткен ойында “Арыс” футбол клубы “Ақтөбе Сити” клубымен кездесті.
Кездесудің алғашқы уақытынан бастап жерлестеріміз қарсыластар қақпасын торылдаумен болды. Сәт сайын шабуылдарын үдеткен арыстықтар есеп ашуға ұмтылды. Алайда қарсыластар жоғары деңгейде қорғана білді.Дегенмен шабуылшыларымыз табандылық танытып, үш ұпай үшін бар күш-жігерлерін ортаға салған, Абдухалық Бөрібаев шәкірттері қарсыластар қақпасына қауіпті соққылар жасады.
Нәтижесінде «Арыс» шабуылшылары қарсылас команда қақпасына 5 гол соғып, маңызды деген үш ұпайға қол жеткізіп, жанкүйерлерге қуаныш сыйлады.
Осылайша, спортшыларымыз 5-1 есебімен басым түсті.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!
Advertisements