ҚАЛА ӘКІМІ ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

214
Бүгін Республика күніне орай, Арыс қаласына кіреберісте орналасқан Тәуелсіздік стелласында Ту көтеру рәсімі өтті.
Рухты оятып, жігерді жанитын Әнұран шырқалған шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен әскери қызметшілер, әкімдіктегі дербес бөлім жетекшілері және қала тұрғындары қатысты.
Сондай-ақ, салтанатты шараға жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәлім-тәрбие беру бағытында насихатталатын республикалық масштабта ұйымдастырылған әскери-клубтың сан түрлі сайысының бірнеше дүркін жеңімпазы – «Арыс» әскери-патриоттық клубының мүшелері де қатысты.
Айта кетейік, Арыс қаласының кіребері қақпасында бой көтерген Тәуелсіздік стелласы 2015 жылы салынған. Биіктігі – 30 метрді құрайтын тутұғырда ені – 9, ал биіктігі – 4,5 метр болатын Мемлекеттік Ту желбіреп тұр.
Advertisements