ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР! ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Құрметті отандастар!
Қадірлі жерлестер!
1990 жылдың 25-ші қазанында – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы қабылданғаны белгілі. Бұл ел Тәуелсіздігі жолындағы теңдессіз құндылық еді.
Осылайша, Қазақстанның егемендігі мен территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді.
Ал биылғы жылы Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, жыл сайынғы қазанның 25-ін Егемендік күні – еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деді.
Бүгінгі таңда бұл күн мемлекеттік деңгейде атап өтіліп, мереке ретінде тойлануда.
Мәртебемізді асқақтатып, ұлттығымыз-ды ұлықтайтын айтулы мереке еліміздің әрбір шаңырағына шаттығын ала келсін.
Мереке құтты болсын!