ҚАЛАНЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

212
Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың жетекшілігімен жиын өтіп, онда қаладағы ауыз мәселесінің жай-күйі талқыланды.
Басқосуға «Теміржол су» ЖШС директоры Бекайдар Наршабеков пен қалалық ТҮКШЖКАЖ бөлімінің басшысы Қазбек Ақылбай, «Ахаба сервис» ЖШС директоры Нұрлыбек Ақбаев, Арыс топтастырылған су жүйесі өндірістік бөлімшесінің бастығы Нұртай Ибрайымов және саланың жауапты мамандары қатысты.
Отырыста қаланы таза ауыз сумен қамтамасыз етуде кезек күттірмейтін құбыр желілерін жаңарту мен су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізу жайы талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі сала мамандарына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Advertisements