ҚҰРМЕТТІ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Қаламызды көгалдандыру мақсатында, әрбір тұрғын жеке тұрғын үйі айналасына (көшеге, үйдің қасбетіне) ағаш көшеттерін отырғызып, оны күтіп-баптау жұмысын өз жауапкершілігіне алса, әкімшілік тарапынан тегін ағаш көшеттері үлестірілетінін хабарлаймыз! Ол үшін Арыс қаласы әкімдігі, тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөліміне, яғни 8705-131-30-48 нөміріне хабарласып, сұраныс бере аласыз!
Сондай-ақ, қала тұрғындарынан саябақтағы жарықшамдар мен орындықтарды сындырмауды және бей-берекет жайылған үй жануарларын жасыл желектердің бүлдіруне жол бермеуді сұраймыз! Бұзықшылық анықталған жағдайда, айыппұл салынатындығы жөнінде ескертеміз!
Құрметті арыстықтар!
Сүйікті қаламызды абаттандыруға баршамыз бірлесе атсалысуға шақырамыз! Туған қаламызға жанашыр болайық!
