ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРАСПОРТШЫЛАР ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

302
Тайландтың Паттайя қаласында академиялық есуден ересектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі сынға 18 мемлекеттен 830 спортшы қатысты. Ұлттық құрама сапында Түркістан облысының өрендері ел қоржынын алтын және қола медальдармен толықтырды.
Жасөспірімдер арасында JW-2 (рөлсіз) дәредесі бойынша Анжела Полянина мен Мелани Жақыпова ұлттық құрама сапында алтын медаль еншіледі. Сонымен бірге Анжела мен Мелани JW-4 бәсекесі бойынша қола медаль жеңіп алды.
Жүлде алған сайыпқырандар – Денис Жарменов басқаратын Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары.
Advertisements