АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ 60 ЖЫЛДАН АСТАМ УАҚЫТ БОЙЫ ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
Бүгін Арыс қаалсына бір топ ҚР Парламентінің мәжіліс және сенат, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары арнайы іс-сапармен келді.
Мәртебелі меймандардың сапары алдымен Арыс аудандық Орталық ауруханасынан бастау алды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрсұлтан Байтілесов, Таңсәуле Серіков, Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев бастаған топтың қатарында «Ауыл» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әжіметов, «Байтақ» жасылдар партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Қыдырбаев және қала тұрғындары қатысты.
Жиында Мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, референдумның маңыздылығы жөнінде айтып өтті.
Кездесу барысында АЭС құрылысының маңызы мен қажет екенін түсіндірді. Сонымен қатар АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын айтып өтті.Атом электр станциясын салу туралы шешім барлық ықтимал тәуекелдерді ескере отырып және ел мүддесіне толық сәйкес келетін болады және атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экономикалық өсу үшін тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл таза энергияға ғана, – деді өкілдер.
Кездесуде қала тұрғындары референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.