АРЫСТЫҚТАР ҚОЯН ЖЫЛЫН СӘН-САЛТАНАТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

187

Жаңа жыл – өткен жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттауды қалайды.

Осы орайда, Жаңа 2023 жылды Арыс жұртшылығы ерекше шат-шадыман көңіл-күйде қарсы алды.

Дәстүрге айналған думанды мерекеде арыстықтар Орталық алаңға жиналып, қуаныштарымен бөлісті. Мерейлі мерекеге орай қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары тұрғындар мен қонақтардың назарына концерттік бағдарлама ұсынды.

Шаттыққа бөлеген мерекеге қала басшысы Гүлжан Құрманбекова қатысып, көпшілікті Жаңа жылмен құттықтады.

«Өткен жыл қаламыз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен толайым табыстың кезеңі болды деп айтуға болады. Экономикада еңселі биіктерді еңсердік. Әр салада қолжеткізген жетістіктеріміз де аз емес. Бұл Сіздер мен біздердің арамыздағы өзара ауызбіршілік пен ынтымағымыздың және зор еңбегіміздің нәтижесі.  Жұдырықтай жұмылып, биік белестерді бағындыруда әрбір жерлесімізге күш-жігер, ырыс-ынтымақ пен бірлігімізді сақтау жолында еңбек еткен жандарға шын жүректен алғысымды білдіремін.

Жаңа жылды алаңда қарсы алғандардың қарасы қалың болды. Олар мерекелік көңіл-күймен бөлеген өнерпаздардың концертін тамашалап,  тарихи мезетте суретке түсіруге асықты. Осылайша, тоғыз жол торабының жұрты қоян жылын сән-салтанатымен қарсы алды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди стоят и на открытом воздухе

Advertisements