Түркістан облысының әкімі жаңа жылмен құттықтады

169

Ардақты ағайын!

Қадірлі түркістандықтар!

Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүрекпен құттықтаймыз!

Жаңа жыл – әрбір адам өткенге есеп беріп, жаңа жоспарлар мен мақсаттарын айқындап алатын ерекше сәт. Міне, біз тағы бір жылды артқа тастап, Жаңа 2023 жылдың табалдырығынан аттағалы тұрмыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жасаған сапары аясында Түркістанға рухани елорда мәртебесін беру туралы ұсыныс білдірді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар басталды.

Жаңару мен дамудың жаңа белесіне көтерілген Түркістан облысы барлық жағынан бәсекеге қабілетті өңірге айналды.

Облыс орталығы Түркістан қаласында заманауи әлеуеметтік-мәдени нысандар, саябақтар салынып, халық игілігіне берілді. Түрлі салаларда ауқымды жұмыс атқарылды.

Әсіресе, тұрғын үй салу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде баспанамен қамтылған тұрғындар саны артып келеді.

Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру бастамасы жемісін беруде.

Өңірдің туристтік әлеуеті артып, келетін қонақтардың саны күн санап көбеюде. Бұл – зор мақтаныш әрі жауапкершілік.

Облысымыздың барлық аймақтары дамудың жаңа сатысына көтерілді.

Құрметті қауым!

Жаңа жылда әр отбасына бақыт, амандық тілейміз!  Мейірім, ізгілік, шаттық, береке арта түссін. Ата-әжелердің баталары қабыл, бүлдіршіндер аман болып, халқымыздың арман-тілектері орындала берсін.

Облысымыздың әлеуеті артып, «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жолындағы бастамаларымыз жемісті болсын.

Жаңа жыл құтты болсын!

Дархан САТЫБАЛДЫ, Түркістан облысының әкімі

Advertisements