ТӨЛЕБАЙ БАТЫР – 320 ЖЫЛ: АРЫСТА ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

230
Даңқты қолбасшы, жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресте көзсіз ерлік танытқан Төлебай Лепесұлы батырдың туғанына биыл – 320 жыл. Тарихи тұлғаның есімін ұлықтау үшін Арыста мерейтойға орай ғылыми конференция өтті.
Қалалық мәдениет үйінде өткен шараға елдің түкпір-түкпірінен келген батырдың ұрпақтары, ғалымдар мен тарихшылар, қаламыздың абыз ақсақалдары жиналды.
Конференцияның ашылу салтанатында сөз алған қала басшысы Гүлжан Құрманбекова конференцияның халық арасында батырлар институтын, олардың қазақ мемлекеттілігін сақтаудағы сіңірген еңбегін кеңінен насихаттауға бағытталғанын атап өтті.
Ғылыми конференцияны Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Баршагүл Қашқынқызы жүргізіп, «Ел қорғаны – Ер Төлебай» тақырыбында баяндама жасады.
Шара барысында филология ғылымдарының кандидаты, фольклортанушы Амангелді Алтыбайұлы, тарихшы-этнолог Миразов Мұхитхан, ОҚМПУ-нің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Нариман Жұмашұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Сапарханұлы – “Ауыз әдебиетіндегі Төлебай батыр бейнесі”, “Төлебай батыр тарихи деректерде: Мәселеге жаңаша көзқарас”, «Ел қорғаған Төлебай батыр», «Ту көтерген Төлебай батыр» тақырыбында уқымды баяндама жасап, тақырыпты аша түсті.
Жалпы конференцияда батыр жайлы бұрын-соңды еш жерде айтылмаған деректер, ауыздан ауызға жеткен аңыз әңгімелер, олардың ұрпақтары жайлы қызықты оқиғалар сөз болды. Жиналған жұрт тарихқа терең бойлап, батыр бабалар жайлы тұщымды ақпаратқа қанығып қайтты. Әсіресе батырды ұлықтап, ерлігін ел ұмытпауы үшін елді мекендерге есімін беру, ескерткішін қою туралы айтылып, бұл мәселе конференция қаулысына да енді.
Шараға қатысқан тұрғындар мен қала қонақтары жас ұрпақты бабалар ерлігі рухында тәрбиелеу жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Возможно, это изображение 7 человек, люди стоят и текст «жонгар баскыншыларына карсы азаттык куресте мынбасы болган, атакты колбасшы телебай лепесулынын 320 жылдые ына арналган <<телебай батыр фольклорлык муралар мен тарихи деректерде>> атть еылыми конференция»
Advertisements